Тұғыры биік тұлғалар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттың рухани жаңғыруы туралы үндеуі көптеген игі істерге негіз болып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан тарлан тарихымыз бен асыл мұраларымыз жаңғырып, еліміз рухани даму жолында көш бастап, кемел келешекке бағыт алғандай. Бағдарлама аясында аудандық білім беру саласы бірнеше маңызды жобаларды атқарып, жыл ішінде «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
Жоба аясындағы сондай айтулы іс-шара Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде өтті. Мектеп қабырғасынан Зейнолла Шаймұхамбетұлы атындағы педагогикалық мұражайы ашылды. «Тұғыры биік тұлағалар» атты мұражайдың ашылуына елге танымал тұлғалар, қолөнер шеберлері, ауыл үлкендері қатысты. Мектеп директоры Арайлым Күмісбайқызының сөзінше, мұражай үздік түлектердің атын есте қалдыру, өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ашылып отыр.
– Қазіргі уақытта екі мұражай да қажетті материалдармен толықтырылған. Мұражайдың ашылуына бастама жасаған ауданымыздың құрметті азаматы Сабыржан Ахметұлы болатын. Ал толық жабдықталуына қол-ұшын беріп, демеушілік жасаған Зейнолла атамыздың балалары Алмат және Марат ағаларымыздың отбасы. Рас, Зейнолла атамыздың елі үшін жасаған еңбегі көп. Соны оқушылар білуі тиіс, – дейді мектеп басшысы.
Мектеп басшысы мұражайдың ішкі бұйымдардың жабдықталуына демеушіліктерін жасаған ауыл әкімі Аслан Хамитбекұлына, ел ағалары Қарғабек Әмірұлы мен Ғалымжан Жасталапұлына, мектеп түлектері Бауыржан Рақымжанұлына, Нұржан Қасымбекұлына, Батырхан Хамитұлына, Асемгүл Қалиқызына, Әдемі Хамитбекқызына, Әдемі Ғалымжанқызына, Мейрам Жұмекенұлына, Ербол Нұрмұханұлына, Асхат Аманжолұлына, Марал Мұратбекұлына, қарт ұстаздарымыз Молдатай Жапарұлына, Рая Төлеубайқызына, Жанна Қабдрашқызына, мектеп ұстаздары Раман Мырзабайұлына,Ақмарал Мұхамедәлиқызына, Гүлім Қонысбайқызына және мұражайдың эстетикалық талапқа сай жабдықталуына атсалысқан ұлағатты ұстаз Тынышкүл Бастарқызы мен сызу-сурет пәнінің мұғалімі Сәндігіүл Ғалымқызына, технология пәнінің мұғалімі Ернар Бейсенбекұлына, мектеп шебері Нұрлан Жапарұылына және жалпы демеушілік жасаған мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, мектеп әкімшілігі атынан алғысын айтты.
Мұражай туралы толық мәліметті мектептің үздік оқушыларының бірі Эльнура Мұқанбетқалиева айтып берді. Ол – Құмкешудің мақтанышы. Өзі бірнеше жарысқа қатысып, бәйге басынан көрініп жүр. Мектеп директоры Эльнураның мұражай туралы баяндама жасап, сайыстарға жолдама алып, меймандарға таныстырып жүргенін тілге тиек етті.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев