Жол мәселесі тұрақты назарда

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен  қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өтті.  Жиын барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев баяндама жасап, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс-монтаждау жұмыстары мәселесі қаралды.
IMG_8766
–Биыл жергілікті маңызы бар автожолдарда  2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 18,8 млрд теңгеге ұзындығы 499 км 37 жобаны іске асыру жоспарланған. Бағдарлама аясында іске асырылатын 37 жобаның  20-ын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда, 17 нысан 2021 жылға ауысады.
Бүгінгі күні  291 км асфальтбетон жабынын фрезерлеу, жаңа материалды қосу арқылы қайта өңдеу – 239 км, асфальтбетон жабынын орнату-194 км, 38 су өткізу құбыры ауыстырылды, – деді Олжас Нұрғалиев.
IMG_8791IMG_8762
 Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 15,5 млрд теңге бөлінген. Бұл 2019 жылға қарағанда 2 есе көп. Облыстың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 2020 жылы 1,7 млрд теңге бөлінді, 7 айда 1,2 млрд теңге немесе 72% игерілді. Ағымдағы жылы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша кешенді-мақсатты бағдарлама жоспарын орындау аясында 68%  шұңқырлы жөндеу, 64% жол белгілерін орнату және 85% жол белгілері қойылды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жоспарда жүру бөлігінде шу жолақтарын орнату жүргізіледі.
IMG_8780
Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік органдардың жауапты басшыларына облыстың автожолдарындағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. 
 
 
Суреттерді түсірген Б. КӨРКЕМБАЕВ.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓