Дамудың жаңа қадамдары
Ел Президенті Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады.
Кәсіпкер ретінде маған жаңа жағдайда орта бизнес үшін белгіленген экономикалық дамудың бірнеше сәті маңызды болып көрінеді.
Біріншіден, келесі жылдың ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасы әзірленбек. Дәл осы жоба көптеген өткір мәселелерді шешуге арналған көпір болады.
Жақында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне сайлау өтті. Менің бағдарламамда негізгі ұсыныс – жергілікті деңгейде жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын құру. Бұл алаңда саланы заңнамалық реттеу мәселелерін қарау жоспарланып отыр. Өйткені, дәл осы фактор бизнестің дамуына және көптеген өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бұл ретте мен Президенттің мына сөздерін айрықша атап көрсетер едім:
«Жасыратыны жоқ, көбісі нарықты заңсыз әдістермен жаулап алған. Кәсіпкерлер нарыққа кіре алмайды. Сондықтан бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі күшті және тәуелсіз орган қажет… Президентке тікелей бағынатын бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын».
Екіншіден, Президент нарықтық табыстың негізгі құрамдас бөлігі ретінде бизнесті қолдауға үлкен назар аударды. Пандемия кезінде көптеген кәсіпкерлер қиын кезеңдерге тап болды. Мемлекет көрсеткен көмекті асыра бағалау қиын. Биылғы Жолдауда осы бағыттағы алдағы қадамдар көрсетілген.
Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша жылдық 6%-ке дейінгі пайыздық мөлшерлемелерді мемлекеттік субсидиялау қамтамасыз етілетін болады.
Субсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап, яғни ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап 12 ай кезеңін қамтиды.
Ұлттық Банк неғұрлым зардап шеккен секторларда ШОБ үшін айналым қаражатын толықтырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырады. Дағдарыс жағдайында осы бағдарламаның қолданылуын 2021 жылдың соңына дейін ұзарту, сондай-ақ оны қамтуды кеңейту тапсырылды. Осы мақсаттарға бағдарламаның жалпы көлемін 800 миллиард теңгеге дейін жеткізе отырып, қосымша 200 миллиард теңге көзделетін болады.
Экспорттық қолдау да күшейтілуде.
«Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жұмыстың басты нәтижесі 2025 жылға қарай оның жалпы ішкі өніміндегі үлесін 35%-ке дейін, ал жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі мемлекет экономикасын дамытудың жаңа перспективаларын ашады. Ең бастысы, бәсекелестік еркіндігін Президент басымдық ретінде белгілейді.
Арсен Жетпісбаев,
«Большевичка» фабрикасының басшысы.