Жаңа жоба қолдау табуы тиіс

      Өткен жылы облыста электронды қызмет көрсету 27%-ке ұлғайған. Дегенмен, көрсеткіш басқа өңірлерге қарағанда анағұрлым төмен. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте мәлім болды.IMG_0777
       Былтырғы жылдың бедерінде электронды қызмет көрсетуге барлығы 419 245 өтініш түскен. Бұл бар болғаны 21%  қана. Ал Ақмола облысында –78%, Қарағандыда – 64%.
       Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының жетекшісі Гүлнар Шағырованың айтуынша, көбінесе электронды үкіметтің көмегіне тұрғындар жүгінетін көрінеді. Олар үйге дәрігер шақыртқанда немесе дәрігерлердің қабылдауына жазыларда өтініш білдіріп жатады. Тобыл өңірінде  интернет жүйесіне қосылмаған аудандар да бар. Сондықтан, үстіміздегі жылы компьютер алуға 380 млн теңге бөлініп отыр.IMG_0726
       -Қазіргі таңда электронды қызметке өтініш беру үшін сайттардан бөлек, Damumed  деп аталатын мобильдік байланыс қосымшасы әзірленді, – дейді ол. – Ағымдағы жылы департаменттің жүзеге асырған пилоттық жобасы негізінде Қостанай ауданында интернет проблемасы мен селолық әкімдіктердегі  біртұтас транспорт жүйесінің жоқтығы анықталды. Біз қажетті қаражатты есептеп көрдік, оның жалпы құны 608 млн теңгеге шықты.
       Осындай шешімін күткен бірқатар мәселе 2015-2025 жылдарға арналған антикоррупциялық стратегияны жүзеге асыру шеңберінде орындалатын болады. Мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы күрес жөніндегі ҚР агенттігінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Асхат Искендиров жобаны іске асырудағы ең маңызды тетіктердің бірі, ол цифрландыру мәселесін жеделдету екендігін атап өтті.IMG_0735
       -Еліміздегі цифрландыру саясатын жүзеге асыру аясында цифрлық технология, оның ішінде «Э-қызмет» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту енгізіліп жатыр, – деді Асхат Батыржанұлы.- Мемлекеттік қызмет көрсететін кәсіпорын жұмысы жаңартылуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Онда кең көлемде қызмет көрсететін орталықтар ашылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, сот және құқық қорғау органдарында да цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр.
        Асхат Искендиров өз сөзінде электрондық сервисті пайдалануда әркім өзінен бастау керектігін айтады. Мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы күрес жөніндегі агенттік қазір ID-карталарын қолданысқа енгізіп жатыр. Яғни,  қызметтік куәліктер ендігі жерде еш кәдеге аспайды. Барлық қызметкерлер бейдж тағатын болды, онда қажетті ақпараттар қамтылған. Асхат Батыржанұлы бұл басқа да мемлекеттік құрымдарда қолдау табатынына сенімді.
 
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓