Өткенге тағзым

Қамысты ауданының орталығында Михаил Журавлевтің құрметіне арнап ескерткіш белгі орнатылады. Осы уақытқа дейін ғарыш инженері, спутниктер мен ғарыш кемелерін ұшыруға қатысушы туралы тек ғана мемориалдық тақта ғана орнатылған еді.

Қамысты жерінде дүниеге келген ол нағыз өнертапқыш еді. Сол еңбегі үшін Ленин сыйлығына дейін ие болған. Өмірден өткеннен кейін қырық жылдан соң оның өмірі мен ерліктері туралы кітап жарық көрді.

Инженер-полковник өмірінің соңғы жылдарында бүкілодақтық «Білім» қоғамының лекторы болып жұмыс істеді. Ғарышты игеру туралы дәрістермен ол кезінде бүкіл КСРО-ны аралап шықты. Ол туған аудан орталығында көше оның есімімен аталған. Оның ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі,- дейді Қамысты ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Тілеубергенов.

Қазір Қамысты ауданының аудан орталығында Гагариндік зымыранды ұшатынын білдіретін ескерткіш белгінің құрылысы қызу жүріп жатыр, ал оның қозғалыс траекториясын тырналар қайталап тұрады. Белгінің бөлшектері жоғары сапалы тот баспайтын болаттан жасалған, ал тұғыры гранит пен мәрмәрмен қапталған. Оның ашылуы салтанаты қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр.

сайт1Айта кету керек, ескерткіш белгіні орнатуға қамыстылық меценаттар мұрындық болды.

            Қамысты ауданы.

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓