Светлананың сауапты ісі

Дәл бүгінгідей қиын-қыстау уақытта жан бағуың бір бөлек, қайырымдылық жасаудың қаншалықты салмақ екені айтпаса да түсінікті. Бірақ арамызда қолында барын көпшілікпен бөлісетін азаматтар аз емес. Сондай жомарт жандардың бірі – Светлана Багмут есімді кәсіпкер. Қостанай қаласының Абай даңғылы бойында орналасқан «Арзан» дүкенінің иесі әр жұма сайын сауда үйінің қарт тұтынушыларына тегін нан таратып келеді. Сауабы мол істі қолға алған сақи кәсіпкердің ізгі ісіне біз де куә болып келген едік.
 Мұндай игі істі Светлана мен жұбайы екеуі төрт жыл бойы үзбей келе жатыр. Сөредегі тегін ас атасы зейнеткерлерге арналып қойылған. Әр жұма сайын 150-ден астам бөлке нан таратылады. Светлана нан үшін ата-әжелерден ақы алмайды, олардың ақ батасын алады. Болашақта кәсіпкер мұндай қайырымдылық көмекті көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға да тегін үлестіруге ниеттеніп отыр. Ол ақысыз азық-түлік түрін көбейтпекші.
   – Алғашында дүкенімізді 11 жыл бұрын қала орталығынан аштық. Сауда орнын жалға алсақ та, қайырымдылық жасауды жөн көрдік. Қазір басқа шағын ауданға ауыстық. Бірақ біздің көшіп кеткенімізді естіп, келіп жатқандар баршылық, – дейді Светлана Багмут.
Әрине, қымбатшылық қысып тұрған шақта қалтасынан жырып беріп, мұқтаж жандарды демеген мейірімді жандардың бұл ісіне ризашылық білдіріп жатқандар көп.
   – Осы дүкенде тегін нан таратады деген хабарды көршімнен естідім. Ас атасын ақысыз алып жүргеніме екі айдан асқан шығар. Әрине, бір бөлке нан сатып алуға жағдайымыз жетеді. Бірақ мәселе көңілде ғой, – дейді Арыстан Аюпов есімді ақсақал.
   Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓