Әр шаңырақ сәби күлкісіне толсын

7702232c-6b9e-4057-bd62-0f1609d9e99dБілімнің алғашқы күнінде ел Президенті Қ.Тоқаев халыққа өз Жолдауын арнады. Онда өзекті бірталай мәселелер көтеріліп, тиісті тапсырмалар да берілді. Осының ішінде Президенттің отбасы құндылығын жоғары қоятыны ұнады. Ол бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты. Ол үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. Енді Президенттің тапсырмасымен ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейтілетін болды. Бұл дегеніміз қаншама отбасы сәбилі болып, отбасын сақтап қала алады.
"Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек", – деді Президент жолдауында.
Ол сонымен қатар балаларға қосымша білім беру мәселесіне тоқталды. «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне назар аудару қажет. Мемлекеттік бюджетке кәсіби клубтарды қолдаудың мағынасы жоқ. Бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балаларға басымдық беру керек. Әр аймақта спорт секциялары ашылуы керек, балалар клубтары жұмысын жалғастыру керек. Балалар – мемлекеттің болашағы. Біз әкімдердің жұмысын осы тапсырмаларға қарап тексереміз», – деді Тоқаев. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ойды осылайша қолдап, отбасы құндылығын дәріптеп тұр.
 
Айгүл ӘБІЛҚАСЫМОВА,
Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскері

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓