Әріптестер марапатталды
Бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында облыстық БАҚ өкілдері марапатталды. Есімі ардақталған өңірлік журналистика саласы мамандарының қатарында әріптестеріміз де бар.




Бұдан әрі спикерлер қазіргі журналистиканың негізгі трендтері, БАҚ пен әлеуметтік желілер, олардың рөлі мен қоғамдағы маңызы туралы баяндамалар жасады. Тақырыптық талқылаулардан соң өңір журналистерін марапаттау рәсіміне кезек берілді. Облыс әкімінің қолынан мерекелік марапат алған мамандар қатарынан әріптестеріміз де көрінді. Атап айтқанда, газетіміздің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков "Ақпарат саласының үздігі" аталымы бойынша сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, қарашаңырақ редакторының орынбасары Жұматай Кәкімжановқа "Құрмет грамотасы" табысталды. Аға редактор Әлібек Ыбырай Қазақстан Журналистер одағының грамотасымен ардақталды. Тілшіміз Қыдырбек Қиысханға Мұхамеджан Сералин атындағы сыйлық бұйырса, басылымымыздың аға редакторы Қазақстан Журналистер одағының грамотасымен марапатталды. Редакциямыздың кезекті жүлдесі фототілші Бердіболат Көркембаевқа "Көзмерген" аталымы бойынша берілді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев