«АвтоУраган» саны артты
Өңірімізде көліктердің қозғалыс ағынын, жол жүру ережесін бұзуды бақылайтын, ұрланған көліктерді анықтайтын, ІІМ ақпараттар базасы бойынша автоқұралдарды тексеретін 10 «АвтоУраган» қондырғысы бір ай бойы тестік режимнен өткізілді. 1 қыркүйектен бастап олар іске қосылып отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймағымыздың аудан-қалаларында орнатылған «Автоурагандар»:
Қостанай қаласы бойынша:
– Алтынсарин көшесі (Назарбаев даңғылы мен Лермонтов көшесі аралығы);
– Узкоколейная көшесі («Сабрина 2» дәмханасы аумағы);
– К.Дөненбаева көшесі (Станционная – Жуковский көшелері аралығы);
– Аэропорт шағын ауданы (қоныс колониясына бұрылыс);
– Маяковский – Әбілсай көшелері аралығы («Волна» дәмханасы аумағы);
Қостанай ауданы:
– Садовый ауылына шыға беріс (КР-3 «Тобыл-Садчиков-Сергеев» облыстық маңызы бар автожол);
Рудный қаласы:
– Топорков көшесі (республикалық маңызы бар Р-43 «Рудныйды батыс жағынан айналып өту жолы);
Әулиекөл ауданы:
– республикалық маңызы бар Р-43 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 97-98 шақырымы (Аманқарағай көпірі);
Қарасу ауданы:
– республикалық маңызы бар Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 215-216 шақырымы;
Қарабалық ауданы:
– халықаралық маңызы бар М-36 «РФ шекарасы» (Алматы-Екатеринбург) автожолының 417 шақырымы.
Айта кетейік, бүгінгі күні өңіріміздегі «АвтоУраган» құрылғыларының саны 39-ға жетті. Жыл басынан бері арнайы аппараттың көмегімен 8 қылмыс ашылып, 30 мыңнан астам ереже бұзу анықталған.