Маңызды міндеттер қойылды

8cf2c608-8bb5-46f5-b47b-aa2183eb1bebҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында пандемияның ауқымы мен қазіргі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу шаралары туралы айтты. Ол елдің көптеген салаларында үлкен өзгерістер болатынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет. Ол Қазақстанда пандемиямен күресудің арнайы бағдарламасы жасалатынын айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы коронавируспен күресуге қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Осынау қиын кезеңде уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы – «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Birgemiz» қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болды. Жалпы алғанда,  президент үндеу барысында қоғам өміріне тікелей байланысты барлық саланы қамтып,үкіметке нақты тапсырмалар берді. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек деп білемін. Президентіміз айтқандай Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі. Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын-ала нақты жұмыс жүргізуі қажет. Бұл ретте ауқымды әрі күрделі жұмыс жүргізілетіні сөзсіз. Алдымызда күрделі әрі ауқымды міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет. Алға қойған мақсаттарға жақсы нәтижемен жету әрқайсысымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз қажет деп білемін.
 
Эльдар КҮЗЕНБАЕВ,
«Nur Otan» партиясының  Қостанай облыстық 
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓