8 жастағы бала опат болды
№2 Қостанай қалалық сотында баланы қағып кеткен көлік жүргізушісіне үкім кесілді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.Айыпкер 2 жылға бас бостандығынан, 4 жылға көлік рөліне отыру құқығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге салсақ, оқиға 4 маусымда сағат 19.45-те Қостанай қаласында болған еді. «ВАЗ — 21065" маркалы көлікті тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қобыланды батыр даңғылында 8 жастағы баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен болатын. ЖКО салдарынан жеткіншек ауыр дене жарақатын алып, қалалық ауруханада көз жұмды.