Көшбасшы
Халық. Тұңғыш Президент. Конституция. Тәуелсіздік. Егер көз жүгіртіп оқып-тыңдасақ осы сөздер бүгінгі күні біздің лексиконымызда күнделікті жиі кездеседі,ал бірақ олардың мағынасына тереңірек үңілсек, оның астарында қаншама көздің жасы мен төгілген қан, қуаныш пен шаттық сезімдер жатқанын тізбектеп айтсақ таңды таңға қосуға болар еді. Сондықтанда, биыл үшінші рет қана өткен Тұңғыш Президент күнін барлық Қазақстан халқы аса бір ыстық ықыласпен қабылдады. Тарихта жеке тұлғаның орны туралы және оның өзіндік заңдылығы бар. Алысқа бармай-ақ, бұрыңғы Кеңес Одағы тарағаннан соң "парад суверенитетов" тен кейінгі болған Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы елдерінің кейбір Президенттері өз елдерін қандай тығырыққа тірегенінен жақсы хабардармыз. Ал, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болса, кешегі басымыздан өткен 90-шы жылдардың өзінде өз халқымен ашық диалогке барып,бүкпесіз шындықты айтып, экономикасы шатқы аяқтанған елді, бәсекеге қабылетті 30 елдің қатарына қосу үшін жанкештілікпен еңбек жасағанының куәсіміз. Жүзден астам ұлт және ұлыс өкілдері бар республикада және сол уақытта титулдық ұлт – қазақтардың сан жағынан кемшін жағдайында, бірнеше діни конфессиялы елдің халықтары арасында бір-біріне деген толеранттық сезімді қалыптастыру біздің Елбасы үшін оңайға соққан жоқ. Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы және елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің Мәжіліс депутаттары болып осы құрылым арқылы сайлануы ол біздің зайырлы мемлекет екенімізді айқындайтын айғақ. Ал,1995-ші жылы қабылданған Ата заңымыз ше? Президентіміздің тікелей араласып, басшылық жасауымен нағыз демократиялық Конституция қабылданды, осы негізгі құжатта бірінші орында халық екенін және барлық билік халық үшін еңбек ететінін айрықша атап көрсетілген, ал Конституцияның гаранты – Президент, өйткені, халық өз Президентіне сенеді және әл-ауқатының жақсаруын Елбасымен тығыз байланыстырады. Өткенді сараласақ, кешегі Керей мен Жәнібек сұлтандардан бастап, Абылай мен Кенесары, оның бері жағында Әбдіғапар хан, Аманкелді мен Әліби, Ахмет пен Міржақып армандаған тәуелсіздіктің ақ таңы оңайлықпен келген жоқ, ол күреспен, кешегі Желтоқсан көтерілісінде жанын пида еткен жастарымыздың төккен қанымен келген тәуелсіздік екені тарихи шындық. Міне, өз халқының аңсаған арманына қол жеткізу үшін еңбек жасап жатқан Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы және әлемдік деңгейдегі ролі өте зор. Ол даусыз.
Елбасымыздың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауында айқындаған жаңа экономикалық саясаты, бізге бірінші дәрежедегі орындалатын іс-шараларды нақтылап берді. Міне бүгін, қазақстандықтар, Тұңғыш Президенттің көрегендік және келешекті болжай білетін саясатының арқасында саясатта,экономикада және әлеуметтік тұрғыда елеулі жетіс-тіктерге қол жеткізіп отыр. Жолдау аясында іске қосылған "Арқалық-Шұбаркөл" бағытындағы темір жолы және біздің Арқалық сияқты моноқалалардың 2020-шы жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік тұрғыда дамуының бүгіннің өзінде іске асып жатқаны, біздің жүрегіміз бен болашағымызға үміт отын өшпестей жаққан да біздің Тұңғыш Президентіміз.
Біздің Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты да Елбасы Жолдауына және өзінің стратегиялық жоспарына сәйкес, білім саласындағы басымдылықтарды басшылыққа ала отырып, болашақ ұстаздарды еліміздің ертеңі үшін жұмыс істейтін заманауи талапқа сай мамандар дайындауда және оқу үрдісіне инновациялық жүйелерді батыл енгізуде. Студенттер Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасымыздың Жолдауда "Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі" дегенін елжанды болуға және Отанына қызмет етуге шақырғаны деп түсінуде. Студенттермен өткізілген ашық әңгімеден байқағанымыз,олар "Бір ел, Бір Президент, Бір тағдыр" мүдделерін қолдайтынына және Елбасына аса құрметпен қарайтынына көзіміз жетті.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ хал-қын мәшһүр әлемге танытып, кешегі мешел елді әлемнің бәсекеге қабылетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін жасап жат-қан өлшеусіз еңбегін біз айрықша бағалап, "бір жағадан бас,бір жеңнен қол" шығарып, еліміздің тұғырын нығайту үшін аянбай еңбек етсек,болашағымыздың жарқын болары айқын.
Қонысбай Ағуанов,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ректорының кеңесшісі.