Арадагерді ардақтайық
Науырзым ауданында Елбасының "Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында ҚР Конституциясы күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінің ішінен "Ардагерлердің шағын демалыс орталығы" салтанатты түрде ашылды. Ашылған орталықта зейнеткерлер бос уақыттарын тиімді өткізіп, газет-журнал оқып, шахмат, тоғызқұмалық ойындарын ойнап, еркін әнгімелесулеріне мүмкіндіктер жасалған.
Орталықты аудан әкімі Т.Кәрбозов құттықтау сөзімен ашып, аудан ардагерлеріне жақсы демалыс тілеп, бас қосатын жақсы орын болсын деп ақжарма тілегін арнады.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА