Музейге – 20 млн теңге

Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Көне жәдігерлер сарайын қайта жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 153 млн теңге қаражат бөлінген.01Бүгінгі таңда музей ғимаратының сырты «провинтин» құрылыс материалымен қапталып жатыр. Барлық бөлмелерге үш қабатты «пластик» терезелер қойылған. Жұмсақ төбе жабындысының үстіне шатыр орнатылуда. Электр желісі жаңғыртылып болған. Жылу құбырлары, өрт қауіпсіздігі, желдету жүйелері жаңартылуда. Музейдің маңайы қоршаумен қоршалып, алаңына асфальт төселеді. Есік алдына «брусчатка» салынып, ағаш егіліп, гүлзарланады.02– Қуанышымыз еселенуде. Музейдің жөндеуі бітісімен реэкспозициясы қолға алынады. Осы мақсатқа облыс әкімі Архимед Бегежанұлы 20 миллион теңге қаражат бөлгізді. Жұмысты жақын күндері бастаймыз. Қазір
жаңғырту шараларының тақырыптық жоспарларын әзірлеп жатырмыз, – дейді музей директоры Асхат Хасенов.04"Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалының «Партиялық бақылау» комиссиясы құрылыс жұмыстарының барысын үнемі бақылап отырады.
Құрылысқа 42 адам жұмылдырылған, оның 25-і жұмыспен қамту орталығы арқылы. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары алдағы қыркүйек айында аяқталмақ.03
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓