Оқушыға көмек

Елімізде жыл сайын республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 12 жылдан бері өткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке бару үшін жеке демеуішлер өз үлестерін қосып, қолұшын береді. Биылғы оқу жылы әлемді жайлаған пандемияға байланысты білім беру жүиесі онлайн қашықтан өтетін болғандықтан оқу жылына оқушылардың үйінен қолжетімді ғаломтор желісіне еркін қосылу қажет. Осы акцияңа үлес қосқан Аманкелді ауылының тумасы, жас кәсіпкер, жастар мәллихатының дептутаты Айбек Таңатбаев Б.Қолдасбаев орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жанерке Исабековаға планшет пен интернет жүйесіне қажетті топтама құрылғысын сыйға тартты.
мектепке жол
Мұндай сыйға риза болған оқушы алғысын білдіруде. Жалпы бұл бір ғана мысал. Енді алда сабақ, білім алуға барлық оқушылар ден қояды. Осындай сыйлықтарды жағдай келе бермейтін әр балаға көретіп жатсақ артық болмас.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓