Алты айдың түйіні
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов «Қамысты ауданының 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді.
Аудан басшысы өз сөзінде өңірдің экономикалық дамуында оң көрсеткіштер байқалып отырғанын айтты. Өңірдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жарты жылда 2,9 млрд. теңгені құраған екен. Өнеркәсіп өнімнің көлемі 753 млн теңге болып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 73,4% құрап отыр. Мал мен құс етін өндіру 2,9%-ға (немесе 62 тоннаға), шаруашылықтардың барлық санаттарында сүт өндірісі 0,4%-ға азайып, 7332 тоннаны құрады, жұмыртқа өндірісі 0,1%-ға өсті.
Жалпы аудан бойынша сиыр саны 3,5%-ға, жылқы 7%-ға, құс 0,5%-ға өсті, ешкі 3,4-ға, түйе 10,5%. Ірі қара мал басы 3,4%-ға азайды, Алтынсарин ЖШС бойынша өндірістік секторда мал бордақылау алаңының болмауына байланысты төмендеген. Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 681,0 мың га құрайды, оның ішінде егістік 420,2 мың га ағымдағы жылы 315,1 мың га алқапта егіс егілді. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңы 14 мың гектарға азайып, 287 мың гектарды құрады. Ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда тары, құмай, бұршақ, бұршақ егілмеген. Майлы дақылдар 6,0 мың гектарға, азықтық дақылдар 1,8 мың гектарға көп егілді.
Бір жарым жылдық азық қорын (52,6 мың тонна) дайындау жоспарлануда. 1 шілдеге 17 мың тонна немесе 30% астам шөп дайындалды. Ауданның жалпы жылдық бюджеті 5 млрд. 886,2 млн. теңгені құрайды.
Индустрияландыру картасы бойынша Арқа ауылында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын жаңғырту жобасы іске асыру жалғасуда. Бұл жобаға құйылған қаражат 608,7 теңгені құрайды, жаңадан 49 адам жұмыс тапты.
– «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы бойынша 1 ұңғыма қойылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша 2020 жылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 31 адамды жіберу жоспарланып отыр. Биыл 1 маусымынан бастап 8 жұмыссыз азамат Жітіқара ауданына алты түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жіберілді (аспаз, наубайшы, тігінші, газ-электр дәнекерлеуші, тракторист-машинист, газ жабдығын пайдалану және жөндеу слесарі). Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Жоспар бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 36 млн 165 мың теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 21 млн теңге қаржы бөлінді, – дейді аудан әкімі.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 24 млн 390 мың теңге сомасына 6 өтінімді мақұлданған. («Мал шаруашылығы» бағдарламасы бойынша 14 млн 390 мың теңге, «Өсімдік шаруашылығы» бағдарламасы бойынша АӨК субъектілерін қолдауға 10 млн теңге). Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту». Биыл әлеуметтік қолдау шараларынсыз 131 адам жұмысқа орналасыпты.
Қамысты ауданында 22 адам қоныс аударып, Аралкөл, Арқа, Бестөбе, Қамысты ауылдарына жұмысқа тұрған. Тоғыз отбасының көшіп келуіне 2 млн теңгеден астам материалдық көмек төленген. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеуге үшін 2 отбасына 574 мың теңге сомасында ақшалай қаражат төленді.
Өңірде, әсіресе, құрылыс қарқыны жоғары. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 671 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, ауданда «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы іске асырылуда. Қамысты ауылында «Юность» стадионын жаңартырылып, аудандық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Аудан орталығындағы Құдайқұлов көшесін орташа жөндеуге 85 млн 734 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Гумилев көшесін орташа жөндеуге 54 млн 439 мың теңге, Северная мен Журавлев көшелерін орташа жөндеуге 71 млн 898 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Бестөбе орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге, Қамысты ауылындағы Энергетиктер, Ленин, Школьная көшелерін орташа жөндеуге, Клочков, Талдыкөл ауылдарына кіреберіс жолдары жөнделмек.