Мереке шуағы – аналар
Облыстық орыс драма театрында бас қосқан барша нәзік жандарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
–Аяулы ханымдар, көктемнің алғашқы күні нұрлы мерекемен басталады. Бүгін облыстың өркендеуіне зор үлес қосып жүрген іскер әйелдер, аналар бас қосып отыр. Әйелге айтар алғыста шек жоқ. Әйелдер әр саланы басқарып, істерін дөңгелентіп келеді. Биылғы жылы Елбасының бастамасымен бала күтіміне байланысты төленетін төлемақы 20 пайызға өседі. Арамызда алтын, күміс алқалы аналар бар. Оларды қалай марапаттаса да болады. Бүгінгі кеш тек сіздерге арналады, – деп әйелзатының қоғамдағы алар орнына тоқтала келе, аймақ басшысы көп балалы аналарға алтын және күміс алқа тағып, сый-сияпат көрсетті.



Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ