40 градус аяз болуы мүмкін

Синоптиктер 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.градусник
"Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градус төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда", – делінген синоптиктердің хабарында.мороз
Сонымен қатар, антициклонмен республика аумағына арктикалық ауа ағыны келуде, сондықтан минималды температура 30-36 градус аязға дейін төмендеді. Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтіледі екен.
Ал қостанайлық мамандар мұндай қатты аяз алдағы аптада болуы мүмкін екенін болжап отыр. Сынап бағанасы 34 градусқа дейін сырғуы ықтимал.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓