COVID-19: +16

Өткен тәулікте Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 16 адам жұқтырғаны анықталды.
коронавирус дайын фото
Қостанай қаласында 11 жұқтырса, Қарасу ауданында – 2, Б.Майлин, Сарыкөл және Федоров аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Емделушілердің біразы өздігінен медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ, тамақ ауруы, әлсіздік белгілері, дене қызуы жоғары болғандықтан профилактикалық мақсатта тексерілгенде ПТР зерттеулері вирус жұқтырғанын көрсетті.
Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
18 тамыздағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясы 3276 адамнан анықталып, 2700 адам сауығып шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓