Облыс әкімі диқандармен кездесті

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының диқандарымен кездесіп, биылғы егіс маусымын талқылады.IMG-20180520-WA0034

Ағымдағы жылы Меңдіқара ауданы 284,6 мың гектарға дән сеппек. Оның 184,1 мың гектарына бидай егіледі. Бірақ аудан диқандары былтырдан бері майлы дақылдарға көп көңіл бөліп келеді. Себеп – нарықтағы бидай құнының төмендігі. Өңір басшысы мұндағы "Дархан жер" шаруашылығының егіс жұмыстарымен танысып, диқандардың сауалына құлақ асты.

IMG-20180520-WA0030

IMG-20180520-WA0031

"Азат и Д" қожалығының иесі Марат Ахметов жол мәселесін алға тартты.
-Біздің қожалықтар аудан орталығынан алыста орналасқан. Астықты мұнда ұзақ сақтай, сата да алмаймыз. Сондықтан, қалаға баруға тура келеді. Бізде темір жол қатынасы жоқ, тас жол сапасыз. Жүк көліктеріне жүру қиынға соғады. Шамамен 60 шақырымдай болады. Осы мәселені алдағы уақытта шешіп берсеңіз,-деді диқан.IMG-20180520-WA0018
Облыс басшысы аудан әкімі Ерлан Теменовке жұмыс барысында аталған мәселені дереу шешу керектігін айтты.
-60 шақырым деген аз жер емес, сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп уәде етпеймін, тек ағымдағы жөндеу болады. Қазір Меңдіқара ауданынан Қостанай қаласына дейінгі аралықағы жолды жөндеп жатырмыз. Жыл соңына дейін аяқталады. Ал сіз айтқан жолдарды 2019-2020 жылдары жөндеуге тырысамыз,-деді облыс әкімі.
Бұан соң А.Мұхамбетов Ұзынкөл ауданына барды. Мұндағы мәселенің жөні бөлек. Диқандар далада тер төгуге аянып қалмайтын жастар таппай әлек.IMG-20180520-WA0037
-Ауылға жастар келмейді. Жұмысшы таба алмай отырмыз. Көрші елден әкелсек пе деп ойлаймыз. Бұрын Ұзынкөлде кәсіптік оқыту колледжі болған еді, сол жабылғалы қиын болды. Меңдіқара колледжінің студенттері бізге келмейді,-дейді диқандар.
Алайда облыс әкімі өзге мемлекеттен жұмысшы күш тартқанша Қазақстанның басқа облыстарынан адам әкелу керектігін айтты.
-Жуырда ғана Маңғыстау облысында болып, бос орындар жәрмеңкесін өткіздік. Біраз отбасы Қостанай облысына келетін болды. Міне, аудан әкімі бастап Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңгыстау және оңтүстік Қазақстан облыстарына барыңыздар. Жұмысшы шақырып, оларға жағдай жасаңыздар,-деді А.Мұхамбетов.IMG-20180520-WA0041
Бұдан соң өңір басшысы Ұзынкөлдегі ет қабылдау цехінің жұмысымен танысты. 
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓