Абайлаңыз, ФЕЙК!
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу, ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау жөнінде жалған ақпарат таралғанын хабарлайды.
Азаматтарды осындай арандатуларға бармауға және мемлекеттік органдардың ресми беттерінде жарияланатын ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.
Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді. Барлық ақпарат ашық және қолжетімді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі