Тұжырымдама талқыланды
Қостанай обылысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасын іске асыру мәселесі талқыланды.Тәуелсіздік мерекесі атап өтудің бекітілген жоспарына сәйкес, 9 айдың қорытындысы бойынша, облыс көлемінде 6329 мәдени-бұқаралық, спорттық, имидждік іс-шаралар өткізілген. Сондай-ақ, жиын барысында мерейтойға тарту ретінде 63 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланғаны айтылды.
Бұдан әрі жергілікті атқарушы органдардың 9 ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарған жұмыстары қарастырылды.
«Мемлекеттік қызмет көрсету саласы – азаматтардың мемлекетпен жанасуының негізгі бағыттарының бірі және халықтың сенімі мен қанағаттану деңгейіне тікелей әсер етеді, – деп жазды аймақ басшысы «Инстаграм» парақшасындағы жиын туралы ақпаратында. – Бүгінде цифрландыру процесі тыныс-тіршіліктің барлық саласын қамтиды және мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электрондық түрде көрсетіледі. Осы жылдың 9 айында облыстың жергілікті атқарушы органдары 6 млн-нан астам қызмет көрсетіп, 6 млн 168 мың заңды және жеке тұлғалар электронды түрде қызмет алды, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 93%-ын құрайды. Денсаулық сақтау саласында 4 млн-нан астам қызмет көрсетілген».
Отырыс қорытындысында облыс әкімі қала мен аудан әкімдеріне ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында іс-шаралардың сапалы әрі мазмұнды өтуін ұйымдастыруды, сондай-ақ халықты «Электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы хабардар етуді, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға ынталандыруды күшейтуді тапсырды.