Жолды күтіп ұстамағаны үшін…

Қостанай облысында жолдарды күтіп ұстауға жауапты 97 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
жол
Осы жылдың басынан бері облыс аумағында 157 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 23 адам қаза тауып, 214 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКО санының 13,3%-ға (181) төмендегені байқалады, сондай-ақ, жараланғандар 5,3%-ға (226 адам) азайды.
Облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, жол-көлік оқиғаларын азайту және жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тұрақты негізде өңірдің автожолдарын тексеру жүргізіледі.
2020 жылдың 7 айында облыстық Полиция департаментіне қарасты жол-техникалық инспекциясының бөлімшелері 12 мың шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 903 рет тексеру жүргізген. Қорытындысында анықталған кемшіліктерді жоюға 1014 ұйғарым берілді. Автожолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 2639 100 теңге көлемінде 97 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қостанай облыстық филиалы, "Қазақавтожол" ЖШС ҚОФ және "Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ өкілдерімен бірлесіп, Қостанай облысының аумағы арқылы өтетін автомобиль жолдарын күзгі кешенді тексеру жоспарлануда.
Қостанай облысының аумағы бойынша өтетін жалпы пайдаланымдағы автожолдардың ұзындығы – 11220 км, оның ішінде 1408 км республикалық, 7797,2 км жергілікті маңызы бар, сондай-ақ, 205,1 км елді мекендерге тиесілі жолдар.
Асыл ҚАСЫМ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓