КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Қостанай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова мемлекеттік қызметшілерді халыққа пайдалы ақпаратты жеткізуде әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалануға шақырды.

Бұл туралы ол қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңес барысында мәлімдеді.

Мемлекеттік органдар тарапынан 149 аккаунт ашылған, олар мемлекеттік органдардың халықпен диалогын құрудың тиімді алаңына айналуы тиіс. Әрбір мемлекеттік органда баспасөзбен өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлға белгіленді.

"ҮЕҰ, саяси партиялар, Қоғамдық кеңестер Халық үніне құлақ асатын мемлекетті құруда маңызды рөл атқарады. Қостанай облысында 945 ҮЕҰ тіркелген, олардың 183-і белсенді жұмыс істейді, 6 саяси партия филиалы, облыстық және 20 өңірлік кеңес өз қызметін жүзеге асыруда," – деді басқарма басшысы.

Сөз соңында Зәуре Байменова әрбір мемлекеттік органның азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру бойынша жүргізген жұмысының Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓