Медицина мамандары марапатталды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
мед марапаттау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, облыстың 15 медицина қызметкері орден-медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
"Қазір бүкіл әлем коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған қиын кезеңді бастан өткеруде. Осы шақта сіздер, медицина мамандары алдыңғы қатарда жұмыс істедіңіздер. Бұл – қандай құрметке де лайық", – деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов дәрігерлерді құттықтау рәсімінде.
мед арх
Салтанатты жиында "Құрмет" орденімен марапатталған Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ирина Штейгервальд ыстық ықыласын білдіріп өтті.
"Бірінші кезекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қамқорлығы пен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің жұмысымызды жоғары бағалағанына шын жүректен қуаныштымын", – деді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері.
штей
Сонымен қатар, ол пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне командалық жұмысты үйреткені туралы айтты.
"Мұндай қиын уақытта жұмыс істеу бізді әр пациентке көбірек көңіл бөлуге үйретті, бірақ, біз ең бастысы – командамен жұмыс істеуді үйрендік", – деді Ирина Штейгервальд.
медиц
Қазір облыстың денсаулық сақтау саласында 15 мыңнан астам маман, оның ішінде 1800 дәрігер және 6 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Облыстың мыңнан астам медицина қызметкері КВИ диагностикасы және емдеу жұмыстарына тартылған. Оларға 2 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлем берілді.
Өңірге мамандарды тарту жұмыстары да басты назарда. 2019 жылы Қостанай облысына 265 дәрігер келсе, биыл денсаулық сақтау мекемелері 227 маманмен толығады деп жоспарланған. Келген дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй беру сияқты қолдау шаралары бар.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓