Әлем таныған Ахмет
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы Колумбия елінің оқулығында жазылыпты. Онда Ахаңның суреті мен "Ұлттық сезімнің толқуы" атты шығармасы берілген. Осы шығарманы өз еркімен аударып көрген Ислам Ибраштың айтуынша, оқулық бетінде 1905-1916 жылдары қазақ интеллигенциясының іс-әрекеттері мен Ресей патшалығының саясаты туралы жазылыпты. Жазбаның толық мәтіні төмендегідей:
Ұлттық сезімнің толқуы
Жаппай қоныстандыру Торғай, Ақмола, Семей өңірлеріне таралып, онсыз да тұрақсыз экономиканың тепе-теңдігін бұзып, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын қиындатып, көшпелі қазақты жаңадан келгендерге қарсы қойды. Бұл қозғалыстың алғашқы көмескі белгілерінде-ақ қазақтарды интеллектуалдық және материалдық жағынан артта қалғанын жою үшін орыстармен жемісті ынтымақтасу арманы іске аспайтыны белгілі болды. Қазақ ұлтшылдығының тұнған бөлігі татарларға қарсы, Ресейге қарсы бола бастады. Бірнеше жылдан кейін бұл өзгеріс анық болды және бұл 1916 жылы аяқталды. Орта Азия медреселеріндегі және рефарматор жазушылардың еңбектеріндегі исламдық жамағаттың немесе Ресей жаулап алған мұсылман халықтарының құтқару жолы туралы пікірталас 1905 жылы төңкеріске дейінгі жылдары өз күшіне жетті.

Материал дереккөздері qazaqstan.tarihy инстаграм парақшасынан алынды.