Әділетті Қазақстан – барлық реформаның басты негізі

Жалпы, мұндай тәжірибе дүние жүзінде бір ғасырдай уақыт қолданылып келеді. Яғни бұл әлемге тараған денденция. Демек, осы тренд "Әділетті Қазақстан" принципіне сайма-сай келеді. Сайлаудың жаңа механизмі әрбір жаңа Президенттің өз бағдарламасын толық және алаңсыз орындауына жол ашады. Ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Өйткені оған реформаларды іске асыруға өмірінде бір ғана мүмкіндік беріледі. Ең бастысы, осының арқасында біз биліктің суперпрезиденттік басқару жүйесінен түпкілікті арылмақпыз.
Ерболат ЗЕЙНЕЛОВ,
Б.Майлин ауданы мәслихатының депутаты