Жас дәрігерлермен толықты
Қостанай өңіріндегі медицина мекемелері 85 жас маманмен толықты. Олардың дені жоғары оқу орындарының түлегі.
Емдеу мекемелерін толықтырған мамандар: педиатор, акушер-гинеколог, терапевт және жалпы практика дәрігерлері.

"Оқып жүргенімде осы мекемеде практикадан өткенмін. Ұжымы ұнады. Диплом алған соң, ойланбастан осында келдім", – дейді Елизавета Васильева.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта аймақтағы емдеу мекемелеріне тағы 200 маман келеді. Олардың тұрақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалмақ, Баспанамен қамтып, көтерме ақы беріледі.