Сенатор атанған кімдер? ОСК алдын ала қорытындысы шықты
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан өңірлерінің атынан өкілдік ететін Парламент Сенаты депутаттарының сайлауының алдын ала қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат депутаттарын өңірлердегі мәслихат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Нұр-Сұлтанда 75 пайыз дауысты Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығының экс-министрі Ақылбек Күрішбаев (1961 ж.т.) алды.
Алматыда Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов (1961 ж.т.) жеңіске жетті. Барлық таңдаушылар оны бірауыздан таңдады.
Алматыда Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов (1961 ж.т.) жеңіске жетті. Барлық таңдаушылар оны бірауыздан таңдады.
Шымкентте 1975 жылы туған сенатор Айгүл Қапбарова жеңіске жетті, оған жергілікті мәслихат 72 пайызы дауыс берген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақмола облысында 1961 жылы туған, облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекенов депутат болып сайланды, ол таңдаушылардың 89,5 пайыз дауысын жинады. Бекенов Зеренді аудандық мәслихатының, Көкшетау қалалық мәслихатының сессияларында ұсынылды.
Ақтөбе облысында 1958 жылы туған Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев жеңіске жетіп, 79,89 пайыз дауыс жинады. Қаниев Шалқар, Хромтау аудандық мәслихаттарының сессияларында ұсынылды.
Алматы облысында өзін-өзі ұсынушы, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов (1959 ж.т.) 92,63 пайыз дауыспен жеңіске жетті.
Атырау облысында таңдаушылар Сенатқа Kazakhstan Petrochemical Industries Inc басқарушы директоры мен Басқарма мүшесін сайлады. Сағындық Лұқпанов 1960 жылы туған, оған берілген дауыс – 82,69 пайыз.
Шығыс Қазақстан облысында 1972 жылы туған Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина сенатор болып сайланды, оның жинағаны – 93,07 пайыз дауыс.
Батыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 70,33 пайызы дауысын өзін-өзі ұсынушы, Орал гуманитарлық колледжінің қаржы директоры Ләззат Рысбековаға (1976 ж.т.) берді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Жамбыл облысында 1957 жылы туған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков 92,09 пайыз дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.
Қарағанды облысында 1960 жылы туған сенатор Сергей Ершов сайлауда жеңіске жетті. Сайлаушылар оған 83,15 пайыз дауыс берді.
Қостанай облысында сайлаушылардың 87,21 пайыз дауысын 1968 жылы туған облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк алды.
Қызылорда облысында 1971 жылы туған Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова сенатор болып сайланды, ол 77,86 пайыз дауыс жинаған.
Маңғыстау облысында 1963 жылы туған "Қаражанбасмұнай" бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев сайланып, 87 пайыз дауыс жинады.
Павлодар облысында сайлауда 1962 жылы туған Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлы жеңіске жетті, оның жинаған дауысы – 81,97 пайызы.
Солтүстік Қазақстан облысында 1967 жылы туған сенатор Ольга Перепечина Сенат депутаты болып қайта сайланды, оған сайлаушылардың 87,57 пайызы дауыс берді.
Түркістан облысында қазіргі сенатор, 1962 жылы туған "Ауыл" партиясының көшбасшысы Әли Бектаев қайта сайланды, ол таңдаушылардың 91,53 пайыз дауысын жинады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден 17 сенатор сайланатын болады.
Сенат құрамының ішінара жаңаруы үш жылда бір мәрте өтеді. Бұл ретте Сенаттың жалпы құрамында 15 депутатты Мемлекет басшысы тағайындайды.