Айыппұл орнына бетперде

Рудныйлық «Шаг навстречу» еріктілер клубы мен полиция қызметкерлері көшеге шығып, тұрғындарға 700-ге тарта медициналық бетпердені тегін таратты. Мақсат – шектеу шараларына байланысты азаматтардың қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карантин кезіндегі олардың ақпараттық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру.cc334988-7b9c-451a-8431-5b5a8f578ab3
Қалалық полиция басқармасының бұл игі бастамасын әкімдік материалдық жағынан қолдағанын айта кеткен жөн.
– Біздің жастар карантиндік режимді бақылау жөніндегі мониторингтік топтың құрамына кіреді. Сол себепті тәртіп сақшыларымен бірге халық көп шоғырланған жерлерге барып, бетпердесіз тұрғындарға тегін бетперде үлестіруге көмектесті. Бұл, бір жағынан, ақпараттық насихат жұмысы болса, екінші жағынан басқаларға үлгі, – дейді қаладағы еріктілер қозғалысының көшбасшысы Мария Зюванова.97a4108d-df94-4453-b95d-077f9aa47d33
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері рудныйлықтарға шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды немесе сапарға жол жүрмеуді ескертті. Көшеге қорғаныс бетперделері мен қолғаппен шығып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керектігін алға тартты.21344343-f2e1-4391-8a0d-17678382c83b
Еске сала кетейік, қазіргі таңда көшеде бетперде тақпаған азаматтар үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл кімнің болсын отбасылық бюджетіне оңай түспейтіні анық. Сондықтан, өз денсаулығың мен қаражатыңда сақтап жүргенге не жетсін?!
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓