Жомарт жандар марапатталды

Қарабалық ауданында ел дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтар марапатқа кенелді. Солардың бірі – «Қарабалық АШОС» ЖШС басшысы Дамир Қалдыбаев. Оған «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды. Сондай-ақ, марапат тағы бірнеше жеңімпазға табыс етілді.   Қарабалық 13.45.58
«Жомарт жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында тағайындалады. Жобаның ұйымдастырушысы – ҚР Қоғамдық даму министрлігі. Сыйлық қайырымдылық, меценаттық және филантропия идеяларын насихаттау мақсатында жанашыр азаматтарға беріледі. 
Жомарт жүрек
Аудан әкімі Нұржан Өтегенов Қарабалық жерінде халықтың тұрмысын жақсартуға үлес қосқан жанашырларды құттықтай келе, оларға грамоталар мен мүсіншелер табыстады.
дамир қарабалық
Дамир Қалдыбаев ауылдарды көркейтуге еңбек сіңіріп, әлеуметтік саланы қолдағаны үшін «Туған өлке» («Родной край») аталымында жеңімпаз деп танылды. Ол Белоглин ауылдық округінде заманауи балалар алаңдарын салып берген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓