COVID-19: +111

10 қарашада Қостанай облысында коронавирус 111 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 33, Рудный қ. – 16, Лисаков қаласы және Қостанай ауданында – 11, Жітіқара қаласы, Қарабалық және Б.Майлин аудандарында – 7, Әулиекөл, Қамысты және Федоров аудандарында – 5, Алтынсарин ауданында – 4.
85 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 23 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.  
Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 10 қараша аралығында COVID-19-ды 37 981 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 34 921.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 333 540 адам, екінші компонентпен 309 867 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓