42 500: екі жарым млн өтініш

11 тамызға дейінгі есеп бойынша, шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың өтініш келіп түскен. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға тең – 42 500 теңге. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ақша
Бүгін таңғы сағат 09.00-ге дейін әлеуметтік төлем 2 млн 287 мың қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 2 млн 271 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Қордан төлеуге өтініштер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 520 мың өтініштің ішінде:
– 835 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 646,2 мың адам еgov.kz және telegram-боттар арқылы өтініш берді;
– 386 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 652,7 мың адам мобильді қосымшалар және екінші деңгейдегі банктердің интернет-ресурстары арқылы.
Азаматтардың санаттары бойынша:
– Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерден 835 мың өтініш берілді (проактивті форматта);
– Жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер 235,2 мың өтініш берді;
– Азаматтардың басқа санаттарынан 1 млн 449,9 мың өтініш түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын тұлғалар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты қордан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша қосымша ақы төленеді.
2020 жылдың шілдесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓