Абай халықтың үмітін өшірмеу үшін керек
Қазақтың Ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Хәкім Абайдың 175 жыл толуына байланысты ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Жарлығымен 10 тамыз – Ұлы Абай күні болып жарияланды.
Қазақтың біртуар перзенті, ұлтымыздың дара келбеті, әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлғаға көрсетілген құрметке ел риза. Абайдың аманат етіп қалдырған асыл ойлары мен сөздері – қоғамның жаңа сапасын қалыптастыруға, мемлекеттің өркениеттілігің арттыруға, интелекті ұлт тәрбилеуге жол ашады. Абайдың айтып кеткен «Толық адам» формуласын жаңа қоғам құру мақсатында әр адамның біліп, зерделеуі тиіс.
Абайдың 175 жылдығына орай Ішкі саясат басқармасының бастамасымен абайтанушы, профессор, философия ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай және қазіргі заман» тақырыбында онлайн-дәрісі таспаға түсірілді. Дәріс екі тілде қатар берілген. Онлайн жазбаны 10 тамыздан бастап Қостанай облысы әкімдігінің ютуб каналы және Қостанай облысы ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшаларында көруге болады.
Онда Ғарифолла Есім бүгінгі мерекенің, хакім Абайдың қазақ үшін қаншалықты маңызды екені жөнінде ой толғады.
– Абайды түсіну жеңіл емес. Бірақ қазақтың ойын, қазақтың ойлау жүйесін жоғары көтеріп кеткен Абай. Сөздің құдіретін ашты. Ендігі кезде сол сөздің киелілігін сақтау керек халық. Бүгінгі ғасырға Абайдың қандай қажеттілігі бар? Қанша уақыт өтсе де Абай қазаққа халықтың үмітін өшірмеу үшін керек, - дейген ойларын жеткізді абайтанушы.
Жалпы лекция барысында Абай төңірегінде жақсы тыңдай отыратын жақсы ойлар айтылды.