Жалпыхалықтық дәстүрге айналдырсақ

айбек калиев10 тамыздың "Абай күні" болып белгіленуі мен үшін жақсы жаңалық болды. Біздің қоғамды "науқаншылдық" деген жаман дерт бар, осындай ұлыларымызды тек мерейтойында ғана есімізге алып, мерейтойы өткен соң келесі мерейтойына дейін "ұмытып" кетеміз. Ал Абайды тым болмаса жылына бір рет есімізге алып тұрсақ та өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін жаман болмас еді. Жалпы Абай шығармашылығы қазақ ұлтының өмір сүру қағидатына айналуы қажет. Әсіресе, Абай айтқан 5 жақсы мен 5 жаман "толық адам" тәрбиелеудің формуласындай болуы керек. Жыл сайын өткізіліп жүрген "Абай оқулары" атты сайысты тек мектеп оқушылары арасынан озып шыққан жүйріктер арасында ғана өткізбей, Абай шығармаларын жаттауды жас ерекшеліктеріне қарамай жалпыхалықтық дәстүрге айналдырсақ, ұтарымыз көп болар еді!
Айбек ҚАЛИЕВ, айтыскер ақын

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓