COVID-19: 35 жағдай
Облыс орталығында COVID-19 індетінің 15 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Арқалық қаласында – 1, Жанкелдин – 5, Б.Майлин ауданында -6, Сарыкөл – 1, Қамысты – 1, Әулиекөл ауданында – 4, Қарабалық ауданында 2 адам анықталды. Қазіргі таңда эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық көлемі жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың 6-шы тамызындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 індетімен 2988 адам анықталып отыр. 2316 адам сауығып шықты. Сонымен қатар “Емдеуге жатқызу бюросы” АЖ түсірудің жедел деректері бойынша 2020 жылғы 6 тамызда Қостанай облысында пневмония диагнозымен 5 адам ауруханаға жатқызылды.