Қажетті дәрі-дәрмектер келді
Қостанайға Алматы қаласынан антибиотик, антисептик пен қызу түсіретін дәрілік заттар әкелінді. Жүк көлігі әкелген дәрі-дәрмектің жалпы құны 50 млн теңгеге тең. Олар – парацетамол, ибуфен, аспирин, инсти, цитрамон, анальгин және басқа да аса қажетті дәрілер.
"Медсервис ПЛЮС" Қазақ фармацевтикалық компаниясы " ЖШС ҚФ директоры Исатай Есенбековтың айтуынша, дәрілер облыс аумағындағы дәріхана желісінің барлық нүктесіне таратылатын болады.
–Бізге күнделікті негізде тұрақты түрде алынатын тауарлардың кезекті партиясы келді. Қызу түсіретін препараттар мен басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдап алып жатырмыз. Дәрілерді жеткізуде ешқандай мәселе жоқ. Облыс бойынша дүйсенбі күні біздің клиненттеріміз өз дәріханаларында тауарларды алатын болады, – деді Исатай Жамбылбекұлы.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.