Үш жасар бала терезеден құлап кетті
Бүгін, 5 тамызда, сағат 14:05 шамасында 8-ші шағын аудандағы 5-ші үйде төтенше жағдай орын алды. Үш жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бүлдіршін шұғыл арада облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Құтқарушылардың айтуынша, бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған.
Төтенше жағдай қызметкерлері мұндай оқиғалардың көп жағдайда үйде ересектер жоқ кезде болатынын әрі москит торына сенім жоқтығын, өйткені ең сапалы дегенінің өзі балалардың салмағын көтере алмайтындығын, сондықтан балаларды үйде жалғыз қараусыз қалдырмауды, бала қауіпсіздігіне барынша сақ болуды ескертеді. Айтпақшы, бұл аптада орын алған екінші жағдай.