Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер артады
“2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі көрсеткіштер белгіленеді:
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге мөлшерінде;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 38 636 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 839 теңге.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері барлық зейнеткерлерге алынатын мөлшерден 7%-ға арттырылады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 5%-ға артады. Бұл ретте арттыру Қостанай облысы бойынша 136,7 мыңнан астам зейнеткерлерге қатысты.
2020 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 121 946 теңгені (46 АЕК) құрайды.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты индекстеледі. Осылайша, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға) мемлекеттік жәрдемақы, бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 5%-ға арттырылады. Аталған арттыру шамамен 21 мың мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, 8 мың асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушыларға, 2,7 мың мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға және бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын 590 адамдарға қатысты.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың, №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілерімен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған және “Ана даңқы” орденімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері АЕК ұлғаюына байланысты 5%-ға арттырылады.
Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер де 5 пайызға арттырылады. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Заңына еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшерлері арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізіледі, бұл еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді орта есеппен 30 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы жаңа жылдан бастап облыс бойынша шамамен 345,5 мың әр түрлі төлемдерді алушыларға қатысты.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің негізгі мөлшері
Төлем түрлері
|
Мөлшері, теңге
|
|
Ең төменгі зейнетақы
|
38 636
|
|
Базалық зейнетақы төлемі(2018 жылдың 1 шілдесінен бастапзейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтіліне байланысты төленеді)
|
16 839-
31 183
|
|
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
|
1-ші топ
|
59 872
|
2-ші топ
|
47 710
|
|
3-ші топ
|
32 431
|
|
16 жасқа дейін мүгедек -балалар
|
43 657
|
|
Бір ата-анасы қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы(ай сайынғы)
|
1 асырауын.
|
26 818
|
2 асырауын.
|
46 463
|
|
3 асырауын.
|
57 689
|
|
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін тұлғалар үшін жәрдемақы (ай сайынғы)
|
№1 Тізім
|
24 973
|
№2 Тізім
|
22 216
|
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы(ай сайынғы)
|
ҰОС қатысушылары мен мүгедектері
|
42 416
|
ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер
|
16 410
|
|
ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер
|
20 016
|
|
тыл еңбеккерлері, 1988-1989 жылдардағы ЧАЭС апатты жоюға қатысушылар
|
5 647
|
|
саяси қуғын-сүргін құрбандары
|
2 837
|
|
Бала туғанда берілетін жәрдемақы(біржолғы)
|
1,2,3 балаға
|
100 738
|
4 және одан көп
|
167 013
|
|
Республикалық бюджеттен 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы(ай сайынғы)
|
1 балаға
|
15 270
|
2 балаға
|
18 054
|
|
3 балаға
|
20 811
|
|
4 және одан көп
|
23 594
|
|
4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгікүндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы (ай сайынғы)
|
4 балаға
5 балаға
6 балаға
7 және одан көп балаға
|
42 496
53 127
63 757
74 388
|
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы(ай сайынғы)
|
16 967
|
|
18 жасқа дейін мүгедек – балаларды тәрбиелеп отырғандарға жәрдемақы.
Бала кезден 1 топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асырып отырған адамдарға жәрдемақы(ай сайынғы)
|
43 657
|
Айнұр САТАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қостанай облысы бойынша департаменті
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары