Дәрі-дәрмек келді
Қостанай облысына құны 90 млн теңгеге дәрілік заттардың кезекті партиясы жеткізілді. “Рауза-АДЕ” ЖШС Қостанай филиалының директоры Андрей Немцевтің айтуынша, олардың арасында Лидокаин, Цефазолин, Новокаин, Амбробене және басқа да сұранысқа ие дәрі-діәрмектер бар көрінеді. Тауар бүгін түсіріліп, ертең кешке облыстың дәріханалар желісіне жеткізіледі.
-Препараттар алдын-ала ішінара таратылды. Біз бір ғана дәріхана желісіне сатуды көздемейміз, дәрі-дәрмектерді аймаққа біркелкі тарату керек, – дейді А.Немцов.
Фармкомпания өкілінің айтуынша, биыл медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу көлемі халықтың қажеттілігіне сәйкес екі есеге өскен көрінеді. Дәрі-дәрмек жеткізуде үзіліс болған жоқ, тауар үнемі бір немесе бір жарым апта ішінде бір рет келіп тұрды. Әрине, дәріге қатысты түрлі түсініспеушіліктердің болғаны рас, бірақ өндірушілердің өздерінде компания тапсырыс берген дәрі-дәрмектер болмаған. Қостанайлық жеткізушіге Ақтөбе, Ақтау сияқты басқа да өңірлер дәріге тапсырыс бергісі келген, бірақ компания ең алдымен өз өңірін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жөн санады. Жақында тағы бір фура келеді, онда көптен күткен термометрлер мен Анаферон сияқты басқа да препараттар бар.