Талпынысың – халқың үшін
Жанашыр, жомарт азаматтар қазіргі күрделі ахуалға байланысты жерлестеріне көмек қолын созуға бастама көтеріп жүр. Мұндай ізгі қадамды торғайлық азаматтар да жасап, оттегі концентраторларын сатып алуға мұрындық болған. Бұл туралы Жангелдин ауданының Ішкі саясат бөлімінің "Фейсбуктегі" парақшасында жазылды.
"Елде жүріп жатқан індетпен күресу мақсатында Жангелдин ауданының перзенттері – Еркебұлан Жаулыбаев, Шолпан мен Жұлдыз Алшынбаевалар, Ерлік Сапабеков, Нұрсұлтан Болат бастама жасап, қаражат жинап, бұл игі іске Жангелдин ауданының 1970 жылғы азаматтары қосылды. Халықтың жинаған қаражатына алынған алғашқы 6 оттегі концентраторын Жангелдин аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Арқалық қалалық ауруханасына 4 оттегі концентраторы табысталды. Жастарымызға елдің амандығы үшін жасап жатқан игі бастамаларына алғыс айтамыз", – делінеді жазбада.