Ертең «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолы ашылады
Ертең Арқалық пен Шұбаркөлдің арасын жалғайтын темір жол салтанатты жағдайда ашылады. Темір жолдың ашылуына арналған салтанат Елбасының қатысуымен өтетін телекөпірде көрсетілмек.
Қостанай өңірі үшін тарихи оқиға болып отырған «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолы 2012 жылы шілдеде басталған болатын. Оның Қостанай облысындағы Арқалық стансасынан Қарағанды облысындағы Шұбаркөл стансасына дейінгі жалпы ұзақтығы 214 шақырымды алады. Соның ішінде Қостанай аймағына 49 шақырым тиеді. Жаңа темір жол тармағы моноқалалар арқылы өтіп, оларды транзитті етеді. Жол солтүстік атыраптағы аумақты Шұбаркөл көмір кеніші мен оның маңындағы кен орындары арасындағы қашықтықты жақындатып, жүк тасымалын жақсартуға бағытталған.
Мешіт Ғазиз