Тұңғиық тұтқынына айналмас үшін…
Қазір – қостанайлық құтқарушылардың жұмысы қызған тұс. Олардың тәуліктік бойы бағатыны – шомылушылар. Тыстай бақылап қана отырған жоқ, қайғылы оқиғаға орын бермеу үшін демалушыларға судағы қауіпсіздік тәртібін түсіндіріп, парақшалар таратып, профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Осы жылы да шомылудың арты қайғылы аяқталған оқиғалар тіркелді. Жылдың басынан бастап 9 адам суға батып мерт болды, оның үшеуі – балалар. Барлық оқыс жайттар арнайы жабдықталмаған орындарда және құтқару бөлімшелерінің әрекет ету аймағынан тыс жерлерде болған.
Мұндай «Жабайы жағажайлар», яғни санкцияланбаған суға түсу орындары бұрынғыша басты мәселе болып қала бермек. Адам өлімінің көбі нақ сол жерлерде болады. Әсіресе, статистиканың көрсеткіші бойынша, көбінесе өздерін асыра бағалайтын адамдар және үлкендердің қарауынсыз қалған балалар тұңғиық тұтқынына айналып жатады.
Осы жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар адамдардың жаппай жиналатын орындарына бақылау жүргізілуде. Шомылу маусымы басталғалы бері судан құтқарушыларға полицейлер де көмекке қосылған. Айтқандай, Қостанайда балаларға арналған жағажай жабдықталмақшы. Онда сүңгуірлер кішкентай тұрғындарға жүзу сабағын жүргізетін болады.
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы