36 нысан айыппұл арқалады

25-26 шілдеде Қостанай облысында 91 мониторингтік топ 395 нысанды тексеріп, жпидемияға қарсы және карантиндік шаралардың сақталуын қадағалады. Қорытындысында, 35 нысанның санитарлық-дезинфекциялық режимді бұзғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 1 511 010 теңге болатын 36 айыппұл салынған. Тағы 6 іс сот қарауында. images  Облыс өңірлеріне жекелей тоқталғанда, Қостанай қаласында локдаун режимі кезінде 28 нысан тексеріліп, 6 тәртіп бұзушылық әшкере болды. Нақтысында, «Лотоклуб» компьютер клубына, «Сауле» және «Нур-Эль»  дүкендеріне,  «Технодом» сауда желісіне, массаж жасау нысаны, «First» кафесі және М.Дулатов көшесіндегі коттедждердің бірінде карантин талаптары сақталмаған. Рудный қаласында да өткен демалыс күндері 11 нысанның шектеуге шекеден қарағаны анықталды. Оның ішінде, 6 дүкенде сатушылар маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткені үшін жалпы сомасы 333360 теңге болатын 8 айыппұл салынды. Меңдіқара ауданындағы  8 нысан да нақ осындай сомада айып арқалады. Алтынсарин, Науырзым аудандарында 1, сондай-ақ Федоров ауданында 3 тәртіп бұзушіліқ анықталды. Мәселен, Федоровта «Иволга КST-Трейд» ЖШС жауапқа тартылып, 208350 теңге шығынға ұшыраған.
Мониторингтік топтардың рейдтік шаралары жалғаса береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓