COVID-19: +58

26 шілдеде Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын 58 адам жұқтырғаны анықталды.коронавирус дайын фото36 жағдай Қостанай қаласында, 16 жағдай Арқалық қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Б.Майлин ауданында 3 адам ауырды, Қарабалық ауданында 2 тұрғын және Меңдіқара ауданында 1 азамат дертке шалдыққан.
Пациенттер ауруханаға жатқызу кезінде эпидқадағалау аясында бұрын КВИ ауруымен байланыста болған және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде өз еріктерімен жүгіну бойынша тексерілді.
ПТР диагностикалық зерттеулерінің қорытындысы бойынша, COVID-19 диагнозы расталды. Алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.     
26 шілдеде жылғы жағдай бойынша, өңірде COVID-19 инфекциясын 2354 адам жұқтырған, 1200 адам жазылып шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓