Қос пен Тана мүсіні жаңартылды

Қостанайда аңыз желісіндегі қос сұлу – Қос пен Танаға орнатылған ескерткіш жаңартылды.whatsapp-image-2020-07-24-at-12.42.19Бұл мүсін Қостанай атауының шығуына себепші ел аузындағы аңызда айтылатын апалы-сіңлілі екі қызға арналып қойылған. Ол облыс орталығының Рудный қаласынан келіп кірер жағында тұр. Әуелде монумент бетоннан қашалып, уақыт өте келе өңі кете бастаған-тын. Қала символын қоладан құйып жаңартуды суретші-скульптор Мәлік Әбділдин қолына алды. Бұған «Suiikti Qostanai» қоғамдық қоры бастамашы болған.
«Қола – өміршең материал. Мүсінді әзірлеуге жарты жылдай уақыт кетті. Бұл скульптура арқылы Қостанайдың символына лайық барлық көркемдікті енгізуге, тартымдылығын арттыруға барынша күш салдым. Бұл келімді-кетімді қонақтарды шығарып салып, қарсы алатындай болуы тиіс», – дейді мүсінші.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓