Құлаған қызды құтқарды

Арқалықта полиция қызметкері 5-ші қабаттағы балконнан құлап кеткен қызды құтқарды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін таңғы сағат 05:30-да қаланың жедел басқару орталығына өтіп бара жатқан адамдардан балконнан қыздың құлағаны, бірақ қоршауға ілініп үлгергені туралы хабарлама келген. Оқиға орнына патрульдік полициясының қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов жедел барады. Жағдайды жедел бағалап, Алмат Әмірхан сыртта қалып, ал оның серіктесі бесінші қабатқа көтерілген. Осы кезде қыз бесінші қабаттан секірген. Төменде қалған полиция қызметкері оны қағып алып, осының арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ. Ал патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірхан бірнеше жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓