Мәдениет саласының майталмандары

Қостанай қаласындағы Л.Толстой атындағы ғылыми әмбебап кітапханада мәдениет мекемелерінің ардагерлерімен кездесу өтті. Бұл кездесуді облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы ұйымдастырды.nD8RbTiywHY
Жалпы, бұл мереке ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы жарлығына сәйкес бекітілген еді. Осы атаулы күн Қостанай қаласында дәстүрлі түрде аталып өтеді. Күні кеше де мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлермен кездесу өтті. Келелі жиынға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов арнайы қатысты. Кеңге жайылған дастархан басында ардагерлермен емен-жарқын әңгіме құрды. 
Кеш соңында Е.Қалмақов ардагерлердің әр қайсысына құрмет белгісі ретінде естелік сыйлықтар табыс етті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓