COVID-19: +59
25 шілдеде Қостанай облысында 59 адам коронавирус індетін жұқтырған.
COVID-19 36 әйелдің және 23 ер адамның ағзасынан анықталды. Оладың 35-і – қостанайлық, 17-сі – Қостанай ауданы тұрғыны, Рудный мен Меңдіқарадан 1 адамнан, Алтынсарин ауданынан 3 адам және Б.Майлин ауданында 2 азамат дерт жұқтырды.
Пациенттер бұған дейін дерт жұқтырған адамдармен қатынаста болған тұлғалар ретінде тексерілген. Сондай-ақ, науқастар өз еріктерімен қызу көтерілу, тамақ ауруы және әлсіздікке шағымданған.
25 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 2296-ға жетті. Жазылып шыққандар – 1200.
25 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 2296-ға жетті. Жазылып шыққандар – 1200.