Дәрігерлерге мың алғыс!
Облыс аумағында COVID-19 дертінен айыққан тұрғындардың саны күн сайын көбейіп келеді. Індеттен жазылып шыққан жандардың медицина қызметкелеріне айтар алғысы шексіз. Індет жұқтырғандардың бірі – Ләззат Құсайынова. Науқас 8-шілде күні Қостанай қалалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Ол алғашында 6 күн бойы жан сақтау бөлімінде ем қабылдады. Қазір жағдайы тұрақталып, сауығып келеді.
–Күн сайын мені емдеген дәрігерлер мен бөлім меңгерушісі науқастардың қал-жағдайын сұрап, жағдайына қарай ем жазып беріп отырды. Олар науқастарға рухани көмек көрсетті, бұл ауырып жатқан науқастар үшін өте маңызды дүние. Дәрігерлер әр науқастың өмірі үшін күресуде. Жан сақтау бөлімі қызметкерлеріне және менің өмірімді сақтап қалған барлық ақ халатты абзал жандарға рахметімді айтамын, – дейді Ләззат Құсайынова.